Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Михаил Андреевич Зеленский

Михаил Андреевич Зеленский,

Ұлы Отан соғысына қатысушы

 

1917 жылы Қостанай облысы, Таран ауданы, Шаракөл ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, кіші командирлер полковнигі мектебіне қабылданып, мектепті бітіргеннен кейін кіші командир атағы берілді. 1940 жылдың қаңтарынан 1940 жылдың 13 наурызына дейін Фин соғысына қатысқан. 1940 жылдың маусымынан 1941 жылдың қарашасына дейін Ханко түбегіндегі Балтық флотының теңіз корпусында қызмет етті. 1941 жылдың қарашасынан 1942 жылдың қазанына дейін қоршаудағы Ленинградты азат ету үшін ұрыс қимылдарына қатысты. Денсаулық жағдайы бойынша отан соғысының мүгедегі ретінде Әскерден шығарылды.

 

1943 жылдың тамыз айынан 1979 жылдың мамыр айына дейін Таран ауданы Шаракөл байланыс бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді. I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "1941-1945 жж.соғыстағы Жеңіске 25 жыл", "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл", "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл", "КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл", "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл", "В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін" мерейтойлық наградаларымен, "еңбек ардагері" медалімен марапатталған.

 

Ақпарат Н.Кузнецов атындағы мұражайдың директоры Л.И. Федоровадан келіп түсті (қоғамдық мұражай Лисаков техникалық колледжінде жұмыс істеді).

 

 

М.А. Зеленский, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.